2022 жылғы 31 мамырда Қостанай қаласында Қостанай облысының мәдениет қызметкерлерінің форумы өтті. Облыс әкімі А.Б. Мұхамбетов Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайының директоры Ш. Е. Ермағамбетоваға "Рухани қазына" республикалық конкурсының облыстық кезеңінің "Балаларға арналған үздік музей жобасы - 2022" номинациясы бойынша жеңімпазының дипломын тапсырды. Музей мен балалар көркемсурет мектеб3мен "Балалар шығармашылығындағы көшпенділер мәдениеті" бірлескен жобасы жоғары марапатқа ие болды.
"Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісімен Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы басшысының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Ю.П. Буданова марапатталды.
https://lisakovsk-museum.kz/kz/novosti-kz/1064-t-uelsiz-aza-stan.html#sigFreeId2566c82839